Әулиекөл ауданындағы алапат өртті ауыздықтауға айрықша атсалысып, ерлік көрсеткен өрт сөндірушілер марапатталды. Сала мамандарына арналған салтанатты рәсім елордалық меймандардың қатысуымен өтті. Атап айтқанда, Қазақстандағы «Чернобль ардагерлері» одағының мүшелері жергілікті азаматтық қорғаныс өкілдеріне өз алғыстарын айтып, арнайы сый-сияпатын ұсынды.