Енді су жаңа сыныптарда оқушылар ақылды технологияны басқарудың сан түрлі тәсілдерін үйренетін болады. Қос кабинет іші мультимедиялық құрылғылармен бастан-аяқ  жабдықталған. Бұл ретте бізге жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсетті, - дейді мектеп  мұғалімдері.

Заманауи үлгідегі құрылғылармен жабдықталған сыныптар оқушылардың цифрлы технологияның тілін меңгеріп, инженерлік-инновациялық бағытта ғылыми-зерттеулермен айналысуларына даңғыл жол ашпақ деген пікірде информатика пәнінің мұғалімі.

Мектептегі робототехника кабинетін жабдықтауға жалпы сомасы 5,5 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалған екен. Ал, ІТ сыныбын құрал-саймандармен қамтуға 2 млн. теңгеден артық қаржы бөлінген. Бұл үйірмеде жүзге жуық оқушы тың технология тілін меңгере алады. Олардың 36-сы  - балалар шығармашылық үйінен келетін шәкірттер.

 

Айдын Шәйкенов